«Единая воспитательная программа «Адал азамат»

2025 жылдың 27-ші қаңтарында “Әкелер мектебінің” қолдауымен “Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер” атты шежіре жасау көрмесінің нәтижесі шықты. Барлық топ белсене қатысып, алғыс хатпен маратталды. Ерекше қол өнерімен көзге түскен шежірелер де болды.

Атап өтсек:

3-ші орынды “Болашақ” мектепалды тобының тәрбиеленушісі Муратден Арсен, “Шабыт” ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Амангелді Дарын, “Тұмар” ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Төлеген Аруна, “Ғибрат” ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Махмут Әмір

2-ші орынды “Тұлға” мектепалды тобының тәрбиеленушісі Нұртай Әлимансұр, “Ұлағат” мектепалды тобының тәрбиеленушісі Амангельдинов Асадулла

1-ші орынды “Тұлға” мектепалды тобының тәрбиеленушісі Сүлейменов Исмаил, “Тұмар” ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Карин Темірлан, “Ғибрат” ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Бекишев Омар

Бас жүлдені “Ұлағат” тобының тәрбиеленушісі Ахметов Омар мадақтамамен марапатталды.

Көрмеге қатысу арқылы балалар жеті атасын білу дәстүрінің маңыздылығын түсінді. Әке мен бала арасындағы қарым- қатынас нығая түсті.

Алдағы уақыттарда “Әкелер мектебінің” жұмысы ары қарай жалғасын табады.

Бүгін балабақшада ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, отбасы бюджетінің тиімділігі мен қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында "Ана капиталы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға балабақша тәрбиеленушілерінің аналары мен педагогтар қатысып, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты — әрбір отбасының қаржылық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен қаржылық мүмкіндіктерді түсіндіру. "Ана капиталы" туралы ақпараттандыру, оның қолданылу шарттары, артықшылықтары мен болашақта отбасы бюджетіне қалай әсер ететіні туралы кеңінен әңгіме болды. Қатысушыларға "Ана капиталы" бағдарламасының негіздері түсіндіріліп, оның баланың білім алуына, денсаулығын жақсартуға, тұрғын үй мәселесін шешуге, сондай-ақ қосымша қаржылық мүмкіндіктер мен жеңілдіктер ұсынатыны жайында ақпарат берілді.

Шара соңында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, "Ана капиталы" бағдарламасының мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін қаржылық жоспарлауды дұрыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Әр отбасы өзінің қаржылық жағдайын бағалап, болашақта жанұяның әл-ауқатын арттыру үшін қосымша білім алуға және қажетті ақпаратты іздеуге ынталы болуға тиіс. Бұл шараның басты нәтижесі — аналардың қаржылық сауаттылыққа қызығушылығын арттырып, оларды білім беру жүйесіндегі барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға ынталандыру болды.

 

“Біртұтас тәрбие” жобасы аясында 13.02.2025 ж. күні балабақшамызда "Бұрымды қыз" сайысы өтті. Байқаудың мақсаты – қыз баланың ұлттық тәрбиесі мен әдептілігін насихаттау. Сайысқа бүлдіршіндер аналарының қолдауымен қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Сайыс үш кезеңнен тұрды:

Таныстыру;

Сұрақ-жауап;

Шаш өру;

Бүлдіршін қыздарымыз аналарымен бірге  таныстыру жасап, сұрақтарға жауап берді. Аналар ұлттық шаш өру әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ, сайыс барысында ән айтылып, өлеңдер оқылды.

Жеңімпаздар: 

1-орын – Тұлға тобы (Анасы: Тәңірберген Әйгерім Төлеужанқызы, Қызы: Ерлан Дария) 

2-орын – Өнеге тобы (Анасы: Сабырбекова Жанерке, Қызы: Айдынова Ясмина) 

3-орын – Ұлағат тобы (Анасы: Өтемұратова Гүлсая Дұлабайқызы, Қызы: Өсемұратова Айша Ақылбековна)

Қалған өнерлі бүлдіршіндеріміз түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Байқауды қазақ тілі педагогтары ұйымдастырды. Осындай игі шаралар балдырғандарымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуіне үлес қосары сөзсіз!

  • 01
  • 03
  • 04
  • 06

 

ГККП «Ясли-сад №58 «ӨРКЕН»

акимата г.Астана

Подписка на новости

Подпишитесь на наши новости и узнайте первым о наших последних событиях!