Астана қаласы әкімдігінің «№58 «Өркен» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2010 жылы пайдалануға берілген. Мектепке дейінгі мекеме Жарғы бекітілген негізінде жұмыс атқарады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымда толық күнді 12 топ, 4 шағын орталық топтар бар. Оның ішінде кіші топ -1, ортаңғы топ-3, ересек-4, мектепалды-4 және шағын ересек-1, шағын мектепалды-3 бар.
- «Зерек» кіші тобы
- «Тұмар» ортаңғы тобы
- «Шабыт» ортаңғы тобы
- «Өнеге» ортаңғы тобы
- «Ғибрат» ересек тобы
- «Көркем» ересек тобы
- «Болашақ» ересек тобы
- «Парасат» ересек тобы
- «Ұлағат» мектепалды тобы
- «Озат» мектепалды тобы
- «Тәлім» мектепалды тобы
- «Өнерлі» мектепалды тобы
- «Дарын» ересек тобы
- «Талапты» мектепалды шағын орта тобы
- «Тұлға» мектепалды шағын орта тобы
- «Алғыр мектепалды шағын орта тобы
Астана қаласы әкімдігінің «№58 «Өркен» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны) балалармен аптасына толық бескүндік жұмыс тәртібімен 10,5 сағат, сондай-ақ төрт топ шағын орталығында жарты күндік (ауысыммен) жұмыс тәртібімен жұмыс жасайды.
Сонымен қатар балабақша 2024-2027 оқу жылдарында «Мектеп жасына дейінгі балаларда қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру» тақырыбында жұмысын жасайды.
Жалпы 2025-2026 оқу жылына арналған балабақша тақырыбы:
«Тәрбиеленушілердің эмоционалдық және физикалық жайлылығын, жанжақты және толыққанды дамуын, ойын аймщзхъақтарының қанықтылығын, қолжетімділігін, вариативтілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дамытушы орта құру»
Қызметтің негізгі бағыттары
- Балалардың эмоционалды әл-қуатын жақсарту үшін ортаны модельдеу;
- Білім сапасын арттырудың басты шарты ретінде педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру;
- Мектепке дейінгі сапалы білімді қамтамасыз ету үшін, мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиелеу мен дамытудың инновациялық педагогикалық технологияларын қолдану;
- Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту;
- Балалардың коммуникативтік, танымдық, эмоционалды-әлеуметтік, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
2025-2026 оқу жылына арналған міндеттер:
- Мектеп жасына дейінгі тұлғаларды бәсекеге қабілетті тәрбиелеу мақсатында физикалық дамытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу арқылы денсаулық құндылықтарын қалыптастыру.
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдылық мәдениетін қалыптастыра отырып, жүйелі сөйлеуін дамыту бойынша заманауи әдістер мен нысандарды қолдану процесінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту сапасын арттыру.
- Отбасы мен балабақша екі жақты бірлесе отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын қалыптастыру құралы ретінде дидактикалық ойындар мен жаттығуларды қолдануға жағдай жасау.

