Жаңалықтар

Бүгін М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясына №58 «Өркен» балабақшасының бітіруші тәрбиеленушілері қонаққа келіп, мектеп өмірімен танысты.

Кішкентай қонақтарды мектеп мұғалімдері жылы қарсы алып, білім ордасының тыныс-тіршілігін таныстырды. Балалар мектептің ішкі тәртіп ережелерімен, оқушының қандай болуы керектігімен танысып, акт залы, кітапхана, спортзал және асхана сияқты маңызды орындарды аралап көрді.

Бұл кездесу бүлдіршіндер үшін мектепке деген қызығушылықты арттырып, алдағы оқу жылына деген сенімді қадам жасауға мүмкіндік берді.

Білім жолына алғашқы қадамдарың сәтті болсын, болашақ оқушылар! 

“Шабыт” ортаңғы тобы

«Анам оқыған ертегі»

• Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру

• Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту

• Тілдік, танымдық және әлеуметтік құзіреттіліктерді дамыту.

Балалар анасының оқығанын тыңдап, сұрақтарға жауап береді, өз ойларын жеткізеді.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2026 жылғы жылдық жоспарына сәйкес, құзыреттілік орталықтарының жұмысын насихаттау мақсатында №58 «Өркен» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара әрекеттесуі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар үшін мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылды:

«Шебер қолдар» бірлескен шығармашылық жұмысы;

Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған ұйымдастырылған іс-әрекеті;

Ата-аналарға арналған «Ата-ана және баланың уақытын тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы шебер сынып;

«Дарын» ересек тобының бүлдіршіндері Н. С. Манапованың жетекшілігімен бүгін семинардың бірінші бөліміне қатысып, ерекше көңіл күй кешті.

Құзыреттілік кабинетінде бас қосып, тәлім алды. Қазақтың ертегілерімен танысып, ойы байып, «Әжемнің ертегісін» тыңдап, қиялдары шарықтай жайып, ертегі әлеміне еніп, сырлы сезімге бөленді,

Тыңдағанын талқылап, өз ойларын еркін өрнектеді.

Бүлдіршіндер білімге бір қадам жақындай түсті.

№58 «Өркен» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара әрекеттесуі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараға педагогтер мен ата-аналар қатысып, оның негізгі мақсаты – ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру және балабақша мен отбасы арасындағы серіктестікті нығайту болды.

Семинар барысында шығармашылық жұмыстар, концерттік бағдарлама және теориялық баяндама ұсынылды. Балабақша меңгерушісі Г. Мырзагулова отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың бала дамуына әсерін жан-жақты атап өтті.

Тәжірибелік бөлімде ұлттық ойындарды қолдану, ата-ана мен баланың уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ ата-аналарды білім беру үдерісіне тартудың тиімді жолдары көрсетілді. Қатысушылар тренингтерге қатысып, пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!