«Дарын» ересек тобының бүлдіршіндері Н. С. Манапованың жетекшілігімен бүгін семинардың бірінші бөліміне қатысып, ерекше көңіл күй кешті.
Құзыреттілік кабинетінде бас қосып, тәлім алды. Қазақтың ертегілерімен танысып, ойы байып, «Әжемнің ертегісін» тыңдап, қиялдары шарықтай жайып, ертегі әлеміне еніп, сырлы сезімге бөленді,
Тыңдағанын талқылап, өз ойларын еркін өрнектеді.
Бүлдіршіндер білімге бір қадам жақындай түсті.
Тәрбиесі мен танымы қатар дамып, нұрға бөленді.

