Педагогикалық кеңес

Педагогикалық кеңес

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093

2025 жылдың 29 қаңтарында балабақшада денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану тақырыбында  №3 педкеңес  өтті. Педкеңес барысында балабақша меңгерушісі Г.Б. Мырзагулова алғы сөз айтып, денсаулық сақтау технологияларын білім беру саласында тиімді қолданудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда балабақшада тек білім беру ғана емес, балалардың денсаулығын нығайту және психоэмоционалды күйін жақсарту бағытында да жұмыстар жүргізілуі қажет.

Алғы сөзден кейін балабақша психологы С.М. Слямова денсаулық сақтау бойынша түрлі тренингтер өткізіп, баланың психологиялық денсаулығын сақтау мен оны дамыту жолдары туралы айтып өтті. Тренингтер барысында қатысушылар балалардың эмоционалды әл-ауқатын жақсартуға арналған әртүрлі жаттығулар мен әдістерді меңгерді. Психолог балаларды стресс пен күйзелістен қорғау, олардың өзін-өзі бағалауын арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру жолдарына баса назар аударды.


2025 жылдың 29 қаңтарында балабақшада денсаулық сақтау технологияларын қолдану тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Бұл шараны балабақша тәрбиешілері А.Г. Сатаева мен Ж.О. Байтореева ұйымдастырып, балабақша педагогтеріне балалардың денсаулығын нығайту үшін қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер туралы мағлұмат берді.

Шеберлік сағатында тәрбиешілер балалардың физикалық және психоэмоционалды денсаулығын жақсарту мақсатында бірнеше арнайы жаттығуларды көрсетті. Олардың арасында тыныс алу жаттығулары, ұйқыдан тұрғаннан кейінгі дене жаттығулары, аяқ массажы және көзге арналған жаттығуларға ерекше көңіл бөлінді.

Шеберлік сағаты барысында тәрбиешілер осы жаттығуларды балаларға қалай үйрету және оларды тиімді пайдалану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушылар балалардың денсаулығын сақтау мен дамыту үшін қосымша әдістерді өз тәжірибесінде қолдануға ниет білдірді.

Бұл шеберлік сағаты балабақша қызметкерлеріне балалардың денсаулығын сақтауда жаңа әдістерді қолданудың маңыздылығын тағы бір рет көрсетіп, балабақшадағы жұмыс сапасын арттыруға үлес қосты.


2025 жылдың 29 қаңтарында балабақшада ерекше балалармен жұмыс түрлері мен түзету технологияларын қолдану тақырыбында арнайы түсіндіру жұмыстары өткізілді. Ерекше балалармен жұмыс атқаратын мамандар балабақша педагогтеріне ерекше балалармен жұмыс жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Түсіндіру жұмыстары барысында әрбір маман өзінің жеке тәжірибесі мен әдістемелері туралы айтып, ерекше балалармен жұмыс істеудің тиімді жолдарын көрсетті. Олар балабақша педагогтеріне ерекше балалардың психологиялық және физикалық қажеттіліктерін түсіну, олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, түзету жұмысын қалай жүргізу керек екендігіне назар аударды.

Әрбір маман өз тәжірибесінде қолданылатын түзету әдістері мен тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Мысалы, кейбір мамандар ерекше балаларға арналған ойын терапиясын, креативті әдістерді, психологиялық жаттығулар мен арт-терапияны қолданудың тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделу үшін арнайы жаттығулар мен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар да ұсынылды.

Қорытындылай келе мамандардың түсіндіру жұмыстары балабақшадағы ерекше балаларға көмек көрсету мен олардың әлеуметке бейімделуіне бағытталған жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал етті.

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!