Педагогикалық "SABAQTASTYQ" жобасы аясында өткізілетін айлық іс-шаралар жоспары
Педагогтар арасындағы "SABAQTASTYQ" жобасы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары
Жаңа өмірге қадам басып, білім алу жолында алғашқы маңызды кезеңді балабақша мен мектеп арасындағы байланыс қалыптастырады. Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерімен өткен семинарда «Мектепке бейімделудің маңызы» тақырыбына ерекше назар аударылды.
Бұл семинардың негізгі мақсаты — балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайтып, балаларды мектепке дайындау жолында педагогтардың бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Семинар барысында балабақша меңгерушісі Г.Б. Бакиржановна балабақша мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мәселелері жайлы сөз қозғады. Әсіресе, балалардың мектепке бейімделу процесінде кездесетін қиындықтар мен оларды жеңу жолдары қарастырылатындығын айтты. Сондай-ақ балабақша мен мектептің бірлескен әрекеттері арқылы балалардың интеллектуалды және эмоциялық дамуына көмек көрсету қажеттілігі айтылды.
Бастауыш сынып мұғалімдері де өз ойларын ортаға салып, осындай іс шаралар өткізу арқылы мұғалімдер мен тәрбиешілердің бірлесіп жасаған жұмысы балаларға сенім мен қолдау береді, бұл олардың мектепке бейімделуіне оң әсер ететіндігіне тоқталды.
Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық балалардың мектепке толық дайын болуына жағдай жасайды. Бұл процесс мектепке алғашқы қадамды аттаған әрбір баланың өміріндегі маңызды кезең болып табылады.
Мектепке дайындық: әлеуметтік және коммуникативтік дағды туралы семинар
2025 жылдың 27 қаңтарда мектеп пен балабақша арасында әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларға арналған семинар өткізілді.
Бұл шараның мақсаты – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің бірлесіп жұмыс жасауын қамтамасыз ету және балаларды мектепке дайындаудағы басты мәселелерді талқылау болды.
Семинар барысында балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдері өзара пікір алмасты. Олар баланың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытудағы маңызды аспектілерді қарастырды.
Бастауыш мектепте баланың оқу үлгеріміне және жеке тұлға ретінде дамуына әсер ететін көптеген факторлар бар екені айтылды.
Сонымен қатар, балабақшада балалардың өзара қарым-қатынас дағдыларын дамыту, эмоционалды интеллектін жетілдіру және топтық жұмысқа қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Мектепалды тобының тәрбиешілері балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған әдістермен бөлісті. Олар балалардың тыңдау, сөйлесу, сұрақ қою, пікір білдіру, топта жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру жолдары туралы тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, әртүрлі ойындар мен жаттығулар арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға болатыны туралы пікірлер айтылды.