Консультативтік пункт

Консультативтік пункт

Астана қаласы әкімдігінің  №58 «Өркен» балабақшасы МКҚК 

Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата –аналарына арналған консультациялық пункт қызметі құрылған.Қызметтің мақсаты мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата – аналарының (заңды өкілдерінің) педагогикалық құзіреттілігін арттыру болып табылады. 

Кеңес беру пунктінің аптасына екі рет қызмет көрсете алады.

  • Дүйсенбі
  • Бейсенбі

Консультацияға төмендегі байланыс көздері арқылы жазыла аласыз

Байланыс телефоны: 24-93-02


Мектепке дейінгі ұйымдарда консультативтік пункт ашу туралы бұйрық

Кеңес беру пунктінің 2024-2025 оқу жылындағы жұмысы туралы бұйрық 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған консультациялық пункт ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынымдар

Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультативтік пунт туралы ереже

Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ерте жастағы балалардың ата-аналары үшін консультациялық пункт құру жөніндегі нұсқаулық

Мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған ерте астаға балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттің жұмыс жоспары

Кеңес беру пункттінің жұмыс кестесі

Ата-аналарға кеңес беру: 

Әдістемелік ұсынымдар

«Баланың денсаулығы біздің қолымызда»

«Баланың денсаулығы біздің қолымызда» (қыркүйек айы)

«Отбасы-мен-мектепке-дейінгі-ұйымдағы-1-2-жастағы-балалардың-қауіпсіздігі» (қазан айы)

«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған білім беру ойындарының рөлі» (қараша айы)

«ЕББҚ (Ерекше білім беру қажеттіліктері) бар баланы алып жүру ерекшеліктері» (желтоқсан айы)

«ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРМЕН КҮНДЕЛІКТІ ЖҰМЫСТА БЕСКЕ ДЕЙІН ҮЛГЕР ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ТӘРБИЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

0-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

0-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

ОТБАСЫ МЕН ҚАУМДАСТЫҚТЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ ТАРТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

ҮЙДЕ БАЛАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА


«Физикалық белсенділік туралы ғылым» (қаңтар айы)

«Балаға байланысты 10 қадам» (ақпан айы)


Балабақшадағы Консультативтік пункт бойынша ата-аналармен жұмыс  
 
Балабақшадағы Консультативтік пункт жұмысы ата-аналарға балалардың дамуы мен тәрбиесі бойынша көмек көрсету, қажетті ақпараттар мен ұсыныстар беру мақсатында ұйымдастырылды. Ата-аналармен өткен бұл жұмыс барысында балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сөйлеу қабілетін, танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамыту жолдары талқыланды.  
 
Іс-шараға келесі мамандар қатысты:  
- Мұғалім-дефектолог: Дүисенбаева Ақжанат Жұмабайқызы  
- Мұғалім-логопед: Тоимбетова Ақжар Дүйсенбайқызы  
- Хатшы: Сапарғали Мөлдір  
- Әдіскер: Молдахметова Айгерім  
 
Мамандар ата-аналарға балалардың сөйлеу дамуы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне қатысты қажетті ақпарат берді. Әсіресе, тіл кемшіліктерін ерте кезеңде анықтап, оларды түзету жолдары туралы пайдалы кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, дефектолог пен логопед мамандары баланың сөйлеу қабілетін бағалау әдістерін көрсетіп, ата-аналарға практикалық тапсырмалар берді.  
 
Консультативтік пункттің маңызы:  
1. Ата-аналардың сауаттылығын арттыру – Баланың дұрыс дамуы үшін қажетті білім мен дағдыларды үйрету.  
2. Баланы ерте дамытуға көмек көрсету – Ерте жаста анықталған қиындықтарды шешуге бағытталған әдістер ұсыну.  
3. Сенімді қарым-қатынас орнату – Балабақша мен ата-ана арасында бірлескен жұмыс жүргізу арқылы баланың тәрбиесі мен дамуына қолдау көрсету.  
4. Арнайы мамандардың көмегі – Дефектолог пен логопед мамандарының ұсыныстары ата-аналар үшін өте құнды болды.  
 
Осындай шаралар арқылы ата-аналар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Кеңес тақырыбы: «Баламен үй жағдайында артикуляциялық жаттығулар жасату»
Мақсаты: Артикуляциялық жаттығулар сөйлеу қабілетін дамытуға және дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі. Мұндай жаттығуларды үй жағдайында жасау оңай. Төменде артикуляциялық жаттығулардың бірнеше тиімді мысалдары берілген:

1. Ерінге арналған жаттығулар

"Түтікше": Ерінді түтікше сияқты алға созып, қайта қалыпты күйге келтіріңіз. 10–15 рет қайталаңыз.

"Күлкі": Ерінді күлімсіреп созыңыз, содан кейін қайта босатыңыз.

"Сүйіс": Ерінді алға қарай созып, сүйісіп тұрғандай дыбыс шығарыңыз.


2. Тілге арналған жаттығулар

"Сағат тілі": Тілді ауыз қуысының ішкі жағына сағат тілімен және сағат тіліне қарсы бағытта айналдырыңыз.

"Саусақпен жету": Тілді мүмкіндігінше төменге және жоғарыға созыңыз.

"Жылан": Тілді алға шығарып, қайта тартыңыз.

  • 01

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!