Арнайы түзету қызметі

Арнайы түзету қызметі

Мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру топтарына енгізу туралы бұйрық

2025-2026 оқу жылына Педагог-психологтың жылдық жұмыс жоспары 

2025-2026 оқу жылына Педагог-ассистенттің жылдық жұмыс жоспары 


Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу

№ 58 «Өркен» балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасалған. Ерекше білім беруді қажет ететін тәрбиеленушілерге арнап 16 балаға «Астана қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 15.11.2022 жылғы № 977 бұйрығына сәйкес 8 инклюзивті топ ашылды. Инклюзивті топтарға балаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық (ПМПК) комиссиясының қорытындысының шешімімен жүзеге асырылған. Арнайы өзіміздің балабақша ішілік комиссиясының шешімі бойынша әр балаға арнайы жоспар құрады.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалаларға төмендегідей жағдай жасалған:

Ерекше білім беруді қажет ететін тәрбиеленушілердің жас және даму ерекшеліктерін ескере отырып білім алуы қамтамасыз етіледі.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-анасы (заңды өкілі) білім беру формасын және баланың құқығын қорғауы қамтамасыз етіледі.

Балабақшада инклюзивті топ тәрбиеленушілеріне қалыпты деңгейдегі балалармен бірге білім алуы іске асырылған:

Нормативті-құқықтық және әдістемелік бағдарлама құрылды.

Баланың жан-жақты дамуына дамытушы орталар құрылды.

Арнайы мамандармен қамтылды.

Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта,жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығы Қазақстан Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36047 бұйрығы. «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы». Ерекше білім беруді қажет ететін тәрбиленушілердің жас ерекшеліктерін, сөйлеу тілінің бұзылыстарын және психофизикалық дамуын ескере отырып, инклюзивті топ балаларына циклограмма, перспективалық жоспар, жеке даму картасы құрылады. Әрбір ерекше білім беруді қажет ететін тәрбиленушіге жеке-түзету бағдарламасы құрылады. (Балабақша сайтына электронды нұсқасы жүктелді)

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес.

Мектепке дейінгі ұйымда қамтылған:

Әдістемелік кабинет

Дене шынықтыру залы

Бассейн

Музыкалық зал

Тұзды үңгір

Сенсорлық бөлме

Медициналық пункт

Арнайы мамандардың кабинеттері: логопед, дефектолог, педагог-психолог.

12 серуен алаңы.

Арнайы мамадардың кабинеті оқу әдістемелік, көрнекі және демонстрациялық құралдармен және түзете-дамыту материалдарымен жабдықталған. Сонымен қатар топтарда дамытушы ойыншықтармен оқу құралдарымен қамтамасыз етілген.

Тәрбиеленушілермен білікті мамандар күн тәртібі бойынша жұмыс атқарылады. («Мемлекеттік білім беру бұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысы):

Тәрбиешілер

Музыка жетекшісі

Дене шынықтыру жетекшісі

Логопед

Дефектолог

Педагог-психолог

 

Педагог-психологтың жұмысын ұйымдастыру

Тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктеріне сәйкес балалардың эмоциялық қалпы мен психофизикалық денсаулығын сақтаудың талаптарын қамтамасыз ету, дамудың жағымды әлеуметтік ортасын қалыптасыру, педагогтарға, ата-аналарға, әкімшілікке көмек көрсетумақсатында балабақшада психологиялық қызмет ұйымдастырылған. Психологиялық қызметтің мақсаты- тұлғаны жаңа ортаға бейімдеу, балабақшаға алғаш келген кезде жағымды эмоционалды көңіл-күй қалыптастыру, күн тәртібіне үйрену, сонымен қатар ата-анасына да балабақша өмірін таныстыра отырып, психологиялық көмек көрсету.

Психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары:

Бақылау

Психодиагностика

Психопрофилактика

Түзету-дамытушылық

Кеңес беру

Балабақшадағы 12 топтың тәрбиеленушілеріне топтық және қажеттілік; туындаған жағдайда жеке диагностикалық, түзету, кеңес беру жұмыстары жүйелі түрде атқарылып отырады. Балабақшаға жаңадан келген балалардың бейімделу кезеңінен сәтті өтуі үшін психологиялық көмек көрстілу мақсатында топтық тренингтер жүргізіліп тұрады.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 16. Педагог-психолог аталған балалармен аптасына 2 рет түзету-дамыту сабақтарын өтіп отырады. Психолог жұмысының негізгі мақсаты - бала дамуына кері әсер ететін тежелу аумағын анықтап, оларды түзету жұмыстарын жүргізу.

Ерекше білімді қажет ететін балаларға психодиагностикалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша жеке оқыту жоспары құрылды. Жоспар балалардың диагноздарын және ПМПК мамандарының қорытындысының ұсыныстарын ескере отырып жасалды. Онда балалардың танымдық қабілеттерін (қабылдау, зейін, ойлау, есте сақтау және т.б), психоэмоционалды көңіл-күйін, ерік сапасын, өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған тақырыптар енгізілді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!