Жаднамалар

АТА-АНАЛАРҒА ЖАРНАМА

 Балабақшаға келу тәртібі және ережесі

 Балабақша жұмыс уақыты бескүндік, сағат 07-30 – 18-00 (КЕЗЕКШІ ТОП КЕЛІСІМ ШАРТҚА СҮЙІНЕ ОТЫРЫП. УАҚЫТЫ: 18-00-19-00-ГЕ ДЕЙІН )

Балаларды балабақшаға қабылдау 07-30 дан 08-20 дейін (Жарғы негізінде)

Балабақшаға баланы әкелу және алып кету балалардың заңды өкілдерінің міндеті!

Ата-ана  баланы тәрбиешіге тікелей тапсыру және оның хал - жағдайы туралы қысқаша мәлімет беру міндетті!

- Кәмелетке толмаған, таныс емес ересек, алкогольді жағдайдағы адамнан баланы қабылдау және үйіне қайтару жүргізілмейді!

- Ата-анаға баланың балабақшаға кез келген азық-түлік өнімдері, снектер, тәттілер және сағыздар, ойыншықтар, артық заттар алып келуге тыйым салынады!

- Ата-ана таңертеңгі қабылдауға баланы кешіктірмей алып келуге міндетті! (Күн режиміне кедергі келтірілмеу қажет!)

- Мектепке дейінгі ұйым Ата-ана Келісім шартта көзделген міндеттерін жүйелі түрде орындамаған кезде бұл туралы Ата-ананы 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын Шартты бұзуға құқылы!

- Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы мен келісім шартты сақтау Ата-ананың міндеті болып табылады!

- Әрбір топ жылдық оқу - тәрбие жұмысының жоспары негізінде бала жасына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жасайды.

- Тәрбиешіге баланы фотоға, видеоға түсіріп ата- аналарға жіберуге тыйым салынады, ол тәрбиешінің міндетіне кірмейді!

- Тәрбиеші жұмысынан тыс уақытта, демалыс кезінде әлеуметтік желіде жауап беруге міндетті емес!

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!