Жаңалықтар

“Таза Қазақстан” жобасы аясында табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға арналған “Әкеммен құсты қорғаймын” челленджі өтті.

“Болашақ” тобының әкесі мен қызы топ ауласына ұя жасады.

«Тұлға» мектепалды тобы
Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз»
Мақсаты:
Балаларға құстар туралы түсінік беру, олардың табиғаттағы маңызын ұғындыру, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Бердиева А.К

Құстар – біздің қанатты достарымыз

Көктем келіп, табиғат жандана бастағанда құстардың әсем үні айналаны шаттыққа бөлейді. Құстар – табиғаттың сәні ғана емес, олар біздің сенімді достарымыз.

Мақсаты:

Балаларға құстардың табиғаттағы рөлін түсіндіру, оларды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Құстарға қамқор болу – табиғатқа жанашырлық танытудың бір белгісі. Бала жүрегіне мейірім мен сүйіспеншілік ұялатайық!

"Алғыр" мектепалды тобы

Тәрбиеші: Калдыбекова Г.А.

Қанатты достарымызды қорғайық!

«Таза Қазақстан – дені сау ұрпақ» флешмобы 

Біздің балабақшаның ересек топтары арасында «Таза Қазақстан – дені сау ұрпақ» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды 

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Сонымен қатар, тазалық мәдениетін дамыту және экологиялық тәрбие беру басты назарға алынды 

“Шабыт” ортаңғы тобы

Тақырыбы: «Ғарышпен танысу»

Мақсаты:

• Балаларға ғарыш туралы алғашқы қарапайым түсінік беру (аспан, Күн, Ай, жұлдыз)
• Күн мен Айды ажырата білуге үйрету (күндіз – Күн, түнде – Ай)
• Балалардың сөздік қорын дамыту (күн, ай, жұлдыз, аспан, зымыран сөздерін айту)
• Қоршаған әлемге қызығушылығын арттыру
• Қарапайым сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру
• Зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту (көрсету, қайталау арқылы)
• Қимыл-қозғалыс арқылы белсенділігін арттыру (зымыран ойыны)
• Топпен бірге әрекет жасап, тыңдай білуге тәрбиелеу

Тәрбиешілер: Турсынбаева Д.П. Хуаныш Қ.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!