«Балабақшадағы қызықты жобалар»
- Қаралды: 52
58 "Өркен" балабақшасында №4 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің мақсаты – балабақшада жүзеге асырылатын қызықты жобалар арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, балалардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсілдермен таныстыру, тәжірибе алмасу және шығармашылық жобаларды ұйымдастыруда жаңа идеялар ұсыну.
Кеңес барысында тренинг ұйымдастырылып, оның мақсаты педагогтердің жобалық жұмысқа деген қызығушылығын арттыру, топта бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту және жаңа әдістерді тәжірибеде қолдануға бағыт беру болды.
Педагогикалық кеңесте балабақшадағы қызықты жобалар кеңінен талқыланды. Әр тәрбиеші өздерінің жүргізіп жатқан жобалық жұмыстарына тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жобаларды жүзеге асыру барысында қолданылған әдіс-тәсілдер мен қол жеткізілген нәтижелер туралы айтылды.


Мақсаты: Ата - аналардың бала тәрбиесіндегі құзыреттілігін арттыру, тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту және баланың дамуына қажетті ресурстармен таныстыру, оның ішінде бала дамыту орталықтарының адрестерімен алмасу арқылы өзара қолдау ортасын құру.
Мақсаты: Педагогтерге ҚР “Педагог мәртебесі туралы” Заңының негізінде өз құқықтарын білуге, оларды қорғай алуға және кәсіби жауапкершілікті дұрыс түсінуге бағыт беру.
Мектепалды "Талапты" тобы
"Тәлім" мектепалды тобы