Жаңалықтар

"Шабыт” ортаңғы тобы

Балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, оның маңызын ұғындыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеуге, қазақ халқының мәдени мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу. Табиғаттың жаңаруы арқылы жақсылыққа, бірлікке, татулыққа баулу.

Наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру;

Қазақтың ұлттық дәстүрлерімен таныстыру;

Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру;

Ойын, ән, би арқылы мерекелік көңіл - күй қалыптастыру.

Тәрбиешілер: Турсынбаева Д. П., Хуаныш Қ.

“Көркем” ересек тобы

Мақсаты: Балаларға "Наурыз" мейрамының мәнін түсіндіру, ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ халқының мәдениетімен таныстырып, достыққа, бірлікке, мейірімділікке баулу. Көктемнің келуін, жаңаруды сезіндіру арқылы балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.

“Өнерлі” мектепалды тобы

Міндеттері: Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру;

Салт - дәстүрлерімізді жаңғырту,қызығушылықтарын ояту;

Үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуға, достарымен тату - тәтті болып, әріптестеріне жақсылық жасауға тәрбиелеу

Тәрбиеші: Мизан Манар

«Зерек» кіші тобы

Мақсаты: Балаларды Наурыз мерекесімен таныстыру, мерекенің мәнін қарапайым түрде түсіндіру. Ұлттық дәстүрлерге қызығушылықтарын арттыру, қуаныш, достық, мейірімділік сезімдеріне тәрбиелеу.

Тәрбиешілері: Ахметова А.А., Жетписбаева К.К.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!