Жаңалықтар

“Болашақ” ересек тобы

Міндеті: Балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, оның мәнін ұғындыру.

Ұлттық салт - дәстүрлерді дәріптеу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту (ән айту, би билеу, ойын ойнау). Бірлікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ойын арқылы балалардың белсенділігін арттыру және көңіл-күйін көтеру.

Көктемнің шуақты мерекесі төрімізге еніп, әр шаңыраққа шаттық пен береке сыйласын!

Жер бетін жаңартқан бұл ұлы күн әр отбасыға қуаныш, денсаулық және молшылық әкелсін.

Балаларымыз әрдайым күлімдеп, бақытты балалық шақ кешсін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ізгі ниетпен “Болашақ” тобының ата - аналары.

«Тұлға» мектепалды тобы

Міндеттері: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы
мәғлұмат беру;

Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;

Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиешісі: Бердиева А.К.

Парасат ересек тобы, 

Мақсаты: Балаларға ақшаның маңызы мен оның қалай табылатыны туралы түсінік беру. Ақшаны үнемдеп, орынды жұмсауға, қажет пен қалау арасындағы айырмашылықты ажырата білуге үйрету. Қаржылық сауаттылықты қалыптастыру.

Мазмұны: Балалармен ақша туралы әңгіме жүргізіледі: ақша қайдан келеді, оны ата-аналар қалай табады. Күнделікті өмірден мысалдар келтіріледі (дүкен, базар, ойыншық алу). Қажетті заттар (тамақ, киім, оқу құралдары) мен қажетсіз, артық шығындар туралы түсіндіріледі.
Ойын түрінде тапсырмалар беріледі: «Не сатып алар едің?», «Қайсысы маңызды?» деген сұрақтар арқылы балалардың ойлау қабілеті дамытылады.
Ақшаны үнемдеу, жинақтау (қоржын, копилка) туралы түсінік беріледі. Балаларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа.

Тәрбиелеушісі: Абжанова М. Е.

“Өнерлі” тобы

Сарыарқа тану аясында

Мақсаты: Астанамыздағы биік ғимараттарды тану, білу дағдыларын дамыту, қызығушылықтарын ояту

Тәрбиешілері: Мизан.М., Азимбетовна.Г.

“Болашақ“ тобының ата - анасы домбыра тартып, қазақтың әсем күйін орындады.

Шаңырақ күні мерекесіне орай балабақшада ата-аналар мен балалардың қатысуымен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс - шараға ата-аналар балаларымен бірге қатысып, ұлттық дәстүрлерді таныстырды.

Қыздар ұлттық ойындардың бірі – бес ату ойынын ойнап, өз өнерлерін көрсетті.

Бұл шара балалар мен ата - аналардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!