Жаңалықтар

“Дарын” тобы

Мақсаты: Баланың анаға деген құрметі, ананың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Балаға сыйлық жасай білудің маңызын түсіндіру.

Тәрбиеші: Манапова Н.С.

“Ғибрат” ересек тобы

Балалар өздерінің аналарына арнап тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Мерекелік шара барысында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, аналар мен балалар бірге көңілді уақыт өткізді.

Бұл мереке мейірім мен махаббатқа толы ерекше сәттерге айналды. Балалардың шат күлкісі мен аналарына деген шексіз сүйіспеншілігі кештің көркін аша түсті.

Барлық аналар мен әжелерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Тұлға» мектепалды тобы

Мақсаты: 8 Наурыз – Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы бүлдіршіндерді шығармашылыққа баулу, сұлулықты сезіне білуге, мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге, ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиешісі: Бердиева Асем Куанганқызы

Бүгін балабақшамызда 8 Наурыз мерекесіне орай «Көктем - ана, гүл қыздар» атты өте мәнді де маңызды іс - шара өтті. Сайысқа шағын орта топ қыздары мен аналар қатысты. Іс - шара балаларымыздың бойына, аналармен бірлесе отыра қазақтың ұлттық құндылықтарын, қазақ қызына тән мінез құлықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Сайыс бірнеше кезеңдерден құрылды. Әр кезең барысында аналар мен қыздар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, шығармашылық пен креативтілік танытты.

Ана – мейірімнің, жылулықтың және шексіз махаббаттың символы.

Осы ерекше сезімді жеткізу мақсатында Астана қаласы білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған «Анаға арнау» хор челленджіне біздің балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілері де белсене қатысты.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!