Жаңалықтар

«Көктем - ана, гүл қыздар» атты іс - шара

Бүгін балабақшамызда 8 Наурыз мерекесіне орай «Көктем - ана, гүл қыздар» атты өте мәнді де маңызды іс - шара өтті. Сайысқа шағын орта топ қыздары мен аналар қатысты. Іс - шара балаларымыздың бойына, аналармен бірлесе отыра қазақтың ұлттық құндылықтарын, қазақ қызына тән мінез құлықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Сайыс бірнеше кезеңдерден құрылды. Әр кезең барысында аналар мен қыздар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, шығармашылық пен креативтілік танытты.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар бала, ата-ана, балабақша арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Аяулы аналар мен кішкентай жұлдыздарымызға алғыс айтамыз.

Жауапты тәрбиешілер: Хамитова Ш.Т., Бердиева А.Қ., Манапова Н.С., Қалдыбаева Г.А.

Муз жетекшісі: Әлімжанұлы С.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!