Ана – мейірімнің, жылулықтың және шексіз махаббаттың символы.
Осы ерекше сезімді жеткізу мақсатында Астана қаласы білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған «Анаға арнау» хор челленджіне біздің балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілері де белсене қатысты.
Балалар өздерінің нәзік жүрегімен аналарға деген сүйіспеншілігі мен алғысын әсем ән арқылы жеткізді. Бұл – кішкентай жүректерден шыққан үлкен құрмет пен шынайы ықыластың белгісі.

