Жаңалықтар

Қалалық оқыту семинар өткізілді. Іс - шараға Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас педагогтері қатысып, кәсіби тәжірибе алмасты.

Семинардың мақсаты – жас педагогтердің ата-аналармен серіктестік орнатудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу.

Семинар Құзыреттілік орталығы кабинетінің ашылуымен басталды. Кабинет лентасын педагогика ғылымдарының докторы Жиенбаева Сайра Нагашыбаевна және

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бөлім басшысы Амирхамзина Райгуль Гильмановна қиды.

Ашылу салтанатында «Ана» әні мен «Текемет» биі орындалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Алғы сөздер мен қонақ дәрісте ата-аналарды ұйым қызметіне тартудың маңыздылығы мен инновациялық бағыттары кеңінен айтылды.

Тәжірибелік бөлімде тренингтер мен шебер сыныптар ұйымдастырылып, ата-аналармен тиімді жұмыс формалары көрсетілді. Қатысушылар пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қорытындысында отбасы мен балабақша ынтымақтастығы – бала дамуының басты кепілі екені атап өтілді.

№58 «Өркен» балабақшасының кіші және ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің әкелері экологиялық челлендж аясында қар күреу жұмыстарына белсенді қатысып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Әкелеріміз балабақша ауласын қардан тазалап, балаларға таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Осындай игі бастамалар арқылы әке өнегесі мен еңбексүйгіштік қасиеті жас ұрпаққа үлгі болып, отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық нығая түсуде.

«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» – деген сөздің мәні осындай сәттерде айқын көрінеді.

Бүгін Астана қаласы мәслихатының депутат Дюсеков Талғат Петрович мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен “Жаңа Конституция” тақырыбында мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемелекеттің ең жоғары құндылығы - адам және оның өмірі, құқытары мен бостандықтары екені кеңінен түсіндірілді.

Конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына, әділетті әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға қосар үлесі талқыланды.

Жаңа Конституция - ел болашағына бағытталған нық қадам. Әр азаматтың құқықтық сауаттылығы мен белсенді ұстанымы-әділетті қоғамның берік негізі.

Бүгін балабақшамызда “Құндылықтан қасиетке бастар жол: мектепке дейінгі тәрбиеде адалдық пен жауапкершілік сабақтастығы” тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды баяндамалар мен тәжірибелік бөлімдер арқылы ерекшеленді.

Іс - шара барысында мектепке дейінгі ұйым педагогтері жас ұрпақтың бойына адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын сіңірудің тиімді жолдарын талқылады. Қатысушылар тәрбие мен оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинар аясында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттері көрсетіліп, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Тәрбиешілер баланың тұлғалық дамуына ықпал ететін тәрбиелік ортаны қалыптастыру, үлгі арқылы үйрету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстарымен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар семинардың маңыздылығын атап өтіп, мұндай тағылымды кездесулердің педагогтердің кәсіби дамуына зор үлес қосатынын жеткізді. Семинар өз мақсатына жетіп, мазмұнды әрі нәтижелі өтті.

«Жасампаздық және жаңашылдық» айы аясында «Бала тілі бал» челленджі.

"Көркем" ересек тобының тарбиеленушiсi Мейрамбай Алиша "Бауырсақ" ертегісін айтып берді.

Кітап — рухани қазына, ал бала тілі — шынайылықтың айнасы. Осы бастама арқылы бүлдіршіндердің кітап оқуға қызығушылығын арттырып, көркем сөзге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеміз.

Тәрбиешілер: Балғожа Б.Қ. Серикова А.К.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!