Жаңалықтар

«Шабыт» ортаңғы тобы

Өнерлі ұрпақ – елдің ертеңі, халықтың үміті. Өнер адамды әсемдікке, тазалыққа, ізгілікке тәрбиелейді.

Өнегелі өсиет – ата-бабадан қалған асыл сөздер мен тәрбиелік мәні бар нақылдар. Үлкеннің сөзін тыңдап, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренген ұрпақ қашанда биікке жетеді.Өнер мен өнеге қатар жүрген жерде тәрбие болады. Сондықтан әр бала өнерге жақын болып, үлкендердің ақыл-өсиетін жүрегіне сақтауы керек.

Тәрбиешілер: Турсынбаева Д.П., Хуаныш Қ.

“Болашақ” ересек тобы

«Ақша қайдан келеді?» әңгімесі

Тапсырма: Ата-ана баласымен бірге: ата-ананың жұмысы туралы, сол жұмыс үшін неге ақша алатыны туралы қысқа әңгіме жүргізеді.

Мақсаты: Баланың «ақша өздігінен пайда болмайды» деген түсінігін қалыптастыру.

Тәрбиеленуші: Орынбек Фатима, анасы: Абдурахманова Елнура

"Көркем" ересек тобы

Тапсырма: Үйде шағын дүкен ұйымдастыру: ойыншықтар немесе азық - түлік суреттері, қағаздан жасалған ақша. Бала – сатып алушы, ата - ана – сатушы (кейін рөлдерді ауыстыруға болады).

Мақсаты: Ақша беру, алу, таңдау жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиешілер: Балғожа Б.Қ, Серикова А. К.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!