“Аналар мектебі”
- Қаралды: 48
“Ғибрат” ересек тобы
Тақырыбы: “Ізгі істер”
Тәрбиеленушілер: Абсаттар Дария, Нұрғали Лали
“Ғибрат” ересек тобы
Тақырыбы: “Ізгі істер”
Тәрбиеленушілер: Абсаттар Дария, Нұрғали Лали
“Өнеге” ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Адлет Зере “Тәртіпті бала – тәрбиелі бала” тақырыбында үйдегі қауіпсіздік туралы танымдық видео түсірді.
Зеренің пайдалы кеңестері әр балаға үлгі болсын.
Денсаулық жобасы аясында “Ғибрат” ересек тобының тәрбиеленушілері “Жеке басының гигиенасы” тақырыбында видеоролик түсірді.
Бұл бейнероликтің мақсаты – балаларға жеке бас гигиенасының маңызын түсіндіру, тазалықты сақтауға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Жеке бас гигиенасы – әр адамның күнделікті өмірінде маңызды орын алатын дағдылардың бірі. Қолды жиі жуу, тісті дұрыс тазалау, таза киім кию, тырнақты уақтылы алу және жеке заттарды ұқыпты пайдалану – аурудың алдын алудың ең тиімді жолы.
Видеоролик барысында тәрбиеленушілер жеке бас гигиенасын сақтаудың ережелерімен таныстырып, оны күнделікті өмірде қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетті. Бұл балалардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Осылайша, түсірілген бейнеролик балалардың денсаулығын нығайтуға, өзіне және айналасына ұқыпты болуға тәрбиелейді.
Балабақшамызда мектепалды топтары арасында “Әкем, анам және мен” атты спорттық жарыс өтті.
Шара барысында ата-аналар мен балалар бір команда болып, ұйымшылдық пен ептілікті, достық пен қолдауды көрсетті.
Көңілді ойындар, шат күлкі, көтеріңкі көңіл-күй — бәрі де есте қаларлық сәттерге толы болды.
Белсенді қатысқан барлық отбасыларға алғысымыз шексіз!
“Өнерлі” мектепалды тобында “Өрт қауіпсіздігі” тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: Балаларға өрт болған жағдайда не істеу керек? (101 ге қоңырау шалу,газ плиталарын үлкеннің көмегінсіз қоспау)екенін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Өртің қауіптілігі туралы үйрету, көрнекілік арқылы коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Тәрбиешілер: Мизан Манар, Казиева Нұргүл