Жаңалықтар

2026 жылғы 06 ақпанда балабақшамызда «Балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

Бірінші мәселе бойынша балабақша психологі: А.А. Карина «Ата - ананың алақаны – балаға саялы бақ» тақырыбында тренинг өткізіп, ата - аналармен тиімді қарым - қатынас орнатудың маңыздылығына тоқталды. Тренинг барысында ата - аналармен өзара сенімді байланыс орнатудың жолдары қарастырылды.

Екінші мәселе бойынша балабақша логопеді «Үйдегі логопед» тақырыбында баяндама жасап, үй жағдайында баланың сөйлеу тілін дамыту және түзетуге арналған іс  -тәжірибесімен бөлісті.

"Парасат" ересек тобы

Мақсаты: Ойын арқылы балаларға текшені лақтырып, қандай сомадағы қаржы барын табу. Қаржылық сауаттылыққа бейімдеу.

Тәрбиеші: Абжанова М. Е.

Астана қаласы әкімдігінің №58 «Өркен» балабақшасында «Заң мен тәртіп» бағыты аясында мектепке дейінгі балаларға арналған «Адалдық дүкені» атты театрландырылған қойылым өтті.

Іс-шараға 3–4–5 жас топтарының тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Балалар үшін таныс әрі қызықты орта «Өркен» супермаркеті сахналық көрініс ретінде безендіріліп, шағын дүкен үлгісінде қойылды. Сөрелер, ойыншық тауарлар, ойын ақшалар балалардың қызығушылығын бірден арттырды.

Астана қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда “Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қоғам санасына “Заң мен тәртіп” идеологиясын сіңіру мақсатында 2-5 ақпан аралығында балалардың бойында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған «Адалдық дүкені» атты республикалық акциясының қалалық кезеңі өтуде. Ойын форматындағы бұл шара аясында 3-5 жас аралығындағы тәрбиеленушілер сатушысыз дүкеннен тауар таңдап, оған өз бетінше төлем жасауды үйренеді.

Шараның басты мақсаты:

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!