Жаңалықтар

“Заң мен тәртіп” идеологиясы

Астана қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда “Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қоғам санасына “Заң мен тәртіп” идеологиясын сіңіру мақсатында 2-5 ақпан аралығында балалардың бойында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған «Адалдық дүкені» атты республикалық акциясының қалалық кезеңі өтуде. Ойын форматындағы бұл шара аясында 3-5 жас аралығындағы тәрбиеленушілер сатушысыз дүкеннен тауар таңдап, оған өз бетінше төлем жасауды үйренеді.

Шараның басты мақсаты:

мектепке дейінгі бүлдіршіндердің бойында адалдық, шыншылдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру;

өзгенің еңбегін құрметтеуге үйрету;

ойын және театрландырылған қойылымдар арқылы «әділдік» ұғымын түсіндіру.

Осы мақсатта №58 «Өркен» балабақшасында 3–5 жас аралығындағы бүлдіршіндер өз жас ерекшеліктерінің талаптарына сай, «Өркен» супермаркетінің кейіпкерлеріне айналып, сатушы, сатып алушы және күзетші рөлдерін сомдады. Олар дүкенде өзін ұстау, кезек сақтау және алған затына жауапкершілікпен қарау әрекеттерін шебер көрсетті. Ең бастысы, балалар әрбір істің салдары болатынын түсініп, жақсы мен жаманды ажыратуды үйренді.

Мұндай шаралар баланың әлеуметтік ортада өзін дұрыс ұстауына және жағымды мінез-құлық дағдыларын дамытуға зор үлес қосады.

      

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!