2026 жылғы 22 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің №72 «Жанарым» балабақшасында №58 «Өркен» балабақшасымен бірлесіп, Білім беру округтері жобасының «Педагогикалық SABAQTASTYQ» бағыты аясында «Балабақшадан мектепке: баланың мектепке бейімделу жолдары» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, болашақ бірінші сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне, психологиялық және әлеуметтік ортаға бейімделуінің тиімді жолдарын айқындау.
Семинарға С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы мен М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясының 4-сынып мұғалімдері қатысты.


Мектепалды "Талапты" тобы
«Мейірімді полицейлер және дүкенші»
“Көркем“ ересек тобы