Жаңалықтар

SABAQTASTYQ жобасы аясында қалалық семинар

Бүгін №72 «Жанарым» балабақшасында №58 «Өркен» балабақшасымен және мектептермен бірлесіп, SABAQTASTYQ жобасы аясында қалалық семинар өтті.

Семинарға №80 Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының және №65 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ №58 «Өркен» балабақшасының педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында №72 «Жанарым» балабақшасының мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері мен педагогтары ашық оқу іс-әрекеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Атап айтқанда:

«Ақбота» тобының тәрбиешісі – Абдикаппрарова Ж.Н.

«Аққу» тобының тәрбиешісі – Нурбаева Г.И.

“Аққайың” тобының тәрбиешілері- Исмаилова Р.М. Кангожинова А.Е.

«Күншуақ» тобының тәрбиешісі – Иркитбаева З.М.

Денешынықтыру нұсқаушысы – Абирбекова Ж.А.

Логопед мұғалімі – Маханбет А.М.

Дефектолог мұғалімі – Хамидолла Б.Б.

Музыка жетекшілері - Көбелдес А.Ж. Төлегенова К.С.

Көрсетілген ашық оқу іс-әрекеттері арқылы балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықтың тиімді жолдары ұсынылды.

Барлық педагогтерге кәсіби шеберлігі, шығармашылығы және белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!



     

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!