Жаңалықтар

SABAQTASTYQ» бағыты аясында «Балабақшадан мектепке: баланың мектепке бейімделу жолдары»

2026 жылғы 22 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің №72 «Жанарым» балабақшасында №58 «Өркен» балабақшасымен бірлесіп, Білім беру округтері жобасының «Педагогикалық SABAQTASTYQ» бағыты аясында «Балабақшадан мектепке: баланың мектепке бейімделу жолдары» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, болашақ бірінші сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне, психологиялық және әлеуметтік ортаға бейімделуінің тиімді жолдарын айқындау.

Семинарға С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы мен М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясының 4-сынып мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында №58 «Өркен» балабақшасының педагогтері балалардың логикалық ойлауын, қарапайым экономикалық түсініктерін және өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған қаржылық сауаттылық тақырыбындағы практикалық ойын түрлерін ұсынды.

Ал №72 «Жанарым» балабақшасының тәрбиешілері мектепалды топ тәрбиеленушілерімен ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіп, сабақтастықты тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Семинар қорытындысында қатысушылар іс-шараның мазмұндылығын жоғары бағалап, балабақша мен мектеп арасындағы өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

          

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!