Үшінші мәселе бойынша А.М. Карарова «Жас аналар мектебі» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, алдағы уақытта жоспарланған іс - шаралармен таныстырды.
Төртінші мәселе бойынша М.Н. Сексенбаева «Жас ата - аналармен жұмыс жасауда нені ескереміз?» тақырыбында іс - тәжірибе көрсетіп, тәрбиешілермен бірлесіп ситуациялық сұрақтарды талқылады және оларды шешу жолдарын ұсынды.
Бесінші мәселе бойынша А. Ахметова мен М.Е. Абажанова «Әкелер мектебінің» жұмыс жоспарымен таныстырып, алдағы уақытта өтетін іс - шаралар туралы мәлімет берді.
Алтыншы мәселе бойынша балабақша меңгерушісі: Г.Б. Мырзагулова күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты өз ой - пікірін білдіріп, педагогикалық кеңесті қорытындылады.
Қорытындылай келе, педагогикалық кеңес өз мақсатына жетіп, балабақша мен ата - аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар қабылданды.

