енсаулық жобасы аясында “Ғибрат” ересек тобының тәрбиеленушілері “Жеке басының гигиенасы” тақырыбында видеоролик түсірді.
Бұл бейнероликтің мақсаты – балаларға жеке бас гигиенасының маңызын түсіндіру, тазалықты сақтауға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Жеке бас гигиенасы – әр адамның күнделікті өмірінде маңызды орын алатын дағдылардың бірі. Қолды жиі жуу, тісті дұрыс тазалау, таза киім кию, тырнақты уақтылы алу және жеке заттарды ұқыпты пайдалану – аурудың алдын алудың ең тиімді жолы.
Видеоролик барысында тәрбиеленушілер жеке бас гигиенасын сақтаудың ережелерімен таныстырып, оны күнделікті өмірде қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетті. Бұл балалардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Осылайша, түсірілген бейнеролик балалардың денсаулығын нығайтуға, өзіне және айналасына ұқыпты болуға тәрбиелейді.

