Бүгін Астана қаласы мәслихатының депутат Дюсеков Талғат Петрович мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен “Жаңа Конституция” тақырыбында мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемелекеттің ең жоғары құндылығы - адам және оның өмірі, құқытары мен бостандықтары екені кеңінен түсіндірілді.
Конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына, әділетті әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға қосар үлесі талқыланды.
Жаңа Конституция - ел болашағына бағытталған нық қадам. Әр азаматтың құқықтық сауаттылығы мен белсенді ұстанымы-әділетті қоғамның берік негізі.

