Жаңалықтар

14.04.2026 күні “Озат” мектепалды тобында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.

Мақсаты: Ұлттық және дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық- тілдік дағдыларын дамыту. Ойын барысында балалардың есте сақтау, логикалық ойлау, белсенді қатысу, байланыстырып сөйлеуін, балалардың туған өлке туралы білімін кеңейту, Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар әртүрлі ойындарға белсене қатысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсете білді. Ұлттық ойындар арқылы олардың қызығушылығы артып, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиеленді. Балалар берілген тапсырмаларды орындау кезінде бір-біріне көмектесіп, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасады.

«Аяқталмаған диссертация»

Мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарасын анықтау, отбасы мен балабақша арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін дамыту.

Міндеттері:

•Ата-аналардың «Мінсіз ата-ана» туралы түсініктерін айқындау;

•Отбасы тәрбиесінің маңыздылығын көрсету;

•Балабақша мен ата-ана арасындағы серіктестікті күшейт.

№58 «Өркен» балабақшасында арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығы аясында өткен іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балалармен жұмыс істейтін мамандардың тәжірибе алмасуы және кәсіби біліктілігін арттыру болды.

Іс-шара педагог-психологтың тренингімен басталып, қатысушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды. Педагог-ассистенттің АВА әдісі бойынша жұмысы балалардың мінез-құлқы мен дағдыларын дамытудағы тиімді тәсілдерді көрсетті. Шебер сынып барысында түзету жұмыстарының мазмұны таныстырылып, тәжірибелік маңызы зор ақпарат берілді.

“Өнерлі” мектепалды тобы

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру,шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын, ойларын еркін жеткізіп,ғарыш әлеміне қызығушылығын қалыптастыру.Ғарышкер ағалардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

“Тәлім” мектепалды тобы

Мақсаты: балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру, ғарышкерлердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу және олардың танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиеші: А.Ғ. Сатаева

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!