Жаңалықтар

“Білім керуені”

14.04.2026 күні “Озат” мектепалды тобында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.

Мақсаты: Ұлттық және дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық- тілдік дағдыларын дамыту. Ойын барысында балалардың есте сақтау, логикалық ойлау, белсенді қатысу, байланыстырып сөйлеуін, балалардың туған өлке туралы білімін кеңейту, Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар әртүрлі ойындарға белсене қатысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсете білді. Ұлттық ойындар арқылы олардың қызығушылығы артып, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиеленді. Балалар берілген тапсырмаларды орындау кезінде бір-біріне көмектесіп, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасады.

Ұйымдастырылған іс-әрекет соңында балалар өз ойларын еркін жеткізіп, алған әсерлерімен бөлісті. Ұйымдастырылған іс-әрекет өз мақсатына жетіп, тәрбиелік және білімдік тұрғыдан нәтижелі өтті.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!