Жаңалықтар

Арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығы аясында

№58 «Өркен» балабақшасында арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығы аясында өткен іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балалармен жұмыс істейтін мамандардың тәжірибе алмасуы және кәсіби біліктілігін арттыру болды.

Іс-шара педагог-психологтың тренингімен басталып, қатысушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды. Педагог-ассистенттің АВА әдісі бойынша жұмысы балалардың мінез-құлқы мен дағдыларын дамытудағы тиімді тәсілдерді көрсетті. Шебер сынып барысында түзету жұмыстарының мазмұны таныстырылып, тәжірибелік маңызы зор ақпарат берілді.

Логопедтің ұйымдастырылған іс-әрекеті ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталса, дефектологтың сабағы танымдық және сенсорлық дағдыларды жетілдіруге ықпал етті. Психологтың жағдаяттарды талдау бөлімі мамандардың тәжірибелік ойлауын дамытты.

Қорытындысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, іс-шараның тиімді өткенін атап өтті. Жалпы, бұл кездесу тәжірибе алмасуға, тиімді әдістерді меңгеруге және инклюзивті білім беруді дамытуға үлкен үлес қосты.

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!