«Таза Қазақстан – дені сау ұрпақ» флешмобы
Біздің балабақшаның ересек топтары арасында «Таза Қазақстан – дені сау ұрпақ» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Сонымен қатар, тазалық мәдениетін дамыту және экологиялық тәрбие беру басты назарға алынды
Флешмоб арқылы бүлдіршіндердің бойында туған жерге деген сүйіспеншілік, табиғатты аялау, өз еліне жанашырлықпен қарау сияқты патриоттық сезімдер қалыптасты
Біз дені сау, рухы мықты, өз елін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеуді басты міндетіміз деп білеміз!
Табиғатты қорғайық!
Денсаулықты нығайтайық!
Отанымызды бірге көркейтейік!

