Жаңалықтар

«Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара әрекеттесуі»

№58 «Өркен» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара әрекеттесуі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараға педагогтер мен ата-аналар қатысып, оның негізгі мақсаты – ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру және балабақша мен отбасы арасындағы серіктестікті нығайту болды.

Семинар барысында шығармашылық жұмыстар, концерттік бағдарлама және теориялық баяндама ұсынылды. Балабақша меңгерушісі Г. Мырзагулова отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың бала дамуына әсерін жан-жақты атап өтті.

Тәжірибелік бөлімде ұлттық ойындарды қолдану, ата-ана мен баланың уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ ата-аналарды білім беру үдерісіне тартудың тиімді жолдары көрсетілді. Қатысушылар тренингтерге қатысып, пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара соңында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар семинардың мазмұнды әрі пайдалы өткенін атап өтті. Сонымен қатар мұндай кездесулердің алдағы уақытта да жалғасын табуына қызығушылық білдірді. Жалпы, семинар өз мақсатына жетіп, педагогтер мен ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға оң ықпал етті.

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!