Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2026 жылғы жылдық жоспарына сәйкес, құзыреттілік орталықтарының жұмысын насихаттау мақсатында №58 «Өркен» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара әрекеттесуі» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар үшін мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылды:
«Шебер қолдар» бірлескен шығармашылық жұмысы;
Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған ұйымдастырылған іс-әрекеті;
Ата-аналарға арналған «Ата-ана және баланың уақытын тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы шебер сынып;
«Ойын арқылы қаржылық сауаттылықты дамыту» тәжірибелік жұмысы;
«Бала жүрегіне жол табайық» психологиялық тренингі.
Семинар барысында қатысушылар отбасымен тиімді жұмыс жүргізудің заманауи әдіс-тәсілдерімен танысып, өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

