«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

"Аналар" мектебінің ұйымдастыруымен қыз балаларға арналған ерекше іс-шаралар өтті

2025 жылдың 16 қаңтарында "Өркен" балабақшасында "Аналар" мектебінің ұйымдастыруымен қыз балаларға арналған ерекше іс-шаралар өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – қыз балаларға аналарымен бірге уақыт өткізіп, түрлі өнер түрлерімен таныстыру болатын. Әрбір іс-шараның өз мәні мен маңызы бар еді. Іс-шараның алғашқы бөлігінде аналардың бірі қыздарға шаш өру және шаш бояу үлгілерін көрсетіп, әдемі сән үлгілерін үйретті. Қыздар өздерінің қолдарымен жасалған шаш үлгілерін мақтанышпен көрсетті. Сонымен қатар, қолөнер шеберлері де шеберліктерін паш етті. Бір ана қоржын тігіп, ою бастыруды үйретсе, екіншісі моншақтан әдемі сөмке жасап, қыздарға қолөнердің қыр-сырын түсіндірді. Іс-шараның тағы бір маңызды бөлімі – дәмді тағамдар пісіру болды. Аналар қыздарымен бірге дәмді бәліштер мен тоқаштар пісіріп, олардың жасалу жолдарын көрсетті. Қыздар тек тағам әзірлеудің тәсілдерімен танысып қана қоймай, еңбектің қадірін де ұғынып, оған деген құрметтері арта түсті. Бұл іс-шаралар, әсіресе қыз балалар үшін ерекше тәрбиелік мәнге ие. Әдемі қыздарымыз еңбекке, өнерге жақын болып өсетініне сеніміміз мол. Мұндай іс-шаралар болашақ ұрпақтың рухани дамуына, аналар мен қыздар арасындағы байланысты нығайтуға зор үлес қосады. Сондықтан, осындай шаралардың жиі ұйымдастырылуы біз үшін өте маңызды.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!