АТА-АНАЛАРҒА ЖАРНАМА
Балабақшаға келу тәртібі және ережесі
Балабақша жұмыс уақыты бескүндік, сағат 07-30 – 18-00 (КЕЗЕКШІ ТОП КЕЛІСІМ ШАРТҚА СҮЙІНЕ ОТЫРЫП. УАҚЫТЫ: 18-00-19-00-ГЕ ДЕЙІН )
Балаларды балабақшаға қабылдау 07-30 дан 08-20 дейін (Жарғы негізінде)
- Балабақшаға баланы әкелу және алып кету балалардың заңды өкілдерінің міндеті!
- Ата-ана баланы тәрбиешіге тікелей тапсыру және оның хал - жағдайы туралы қысқаша мәлімет беру міндетті!
- Кәмелетке толмаған, таныс емес ересек, алкогольді жағдайдағы адамнан баланы қабылдау және үйіне қайтару жүргізілмейді!
- Ата-анаға баланың балабақшаға кез келген азық-түлік өнімдері, снектер, тәттілер және сағыздар, ойыншықтар, артық заттар алып келуге тыйым салынады!
- Ата-ана таңертеңгі қабылдауға баланы кешіктірмей алып келуге міндетті! (Күн режиміне кедергі келтірілмеу қажет!)
- Мектепке дейінгі ұйым Ата-ана Келісім шартта көзделген міндеттерін жүйелі түрде орындамаған кезде бұл туралы Ата-ананы 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын Шартты бұзуға құқылы!
- Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы мен келісім шартты сақтау Ата-ананың міндеті болып табылады!
- Әрбір топ жылдық оқу - тәрбие жұмысының жоспары негізінде бала жасына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жасайды.
- Тәрбиешіге баланы фотоға, видеоға түсіріп ата- аналарға жіберуге тыйым салынады, ол тәрбиешінің міндетіне кірмейді!
- Тәрбиеші жұмысынан тыс уақытта, демалыс кезінде әлеуметтік желіде жауап беруге міндетті емес!