Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі негізгі сәттер:
1. Ваучерді растауға – 2 жұмыс күні.
2. Балабақша іздеуге, құжаттарды жинауға және баланы қабылдауға (INDIGO порталында шарт жасасу) – 5 жұмыс күні + құжаттарды жинауға үлгермеген жағдайда 2 күнге ұзарту мүмкіндігі бар.
3. Балабақша тарапынан шарт жасасуға – 1 жұмыс күні.
4. Ваучер болған жағдайда кезекке тұруға болмайды.
5. Балабақшаға қабылданғаннан кейін кезекке тұруға болмайды.
6. Қалалық тіркеу (прописка) болмаған жағдайда кезекке тұруға болмайды.
7. Балабақшалар арасында ауыстыру кезінде – 5 жұмыс күні, ұзартуға рұқсат берілмейді.
8. Күту парағы бойынша ата-ананың жауап беру мерзімі – 1 жұмыс күні.
9. Бала ауыстырылған жағдайда бұрынғы балабақшада шығару мерзімі – 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
10. Жоғарыда көрсетілген кез келген мерзім бұзылған жағдайда – ваучер жойылады.
11. Балабақша баланы қабылдаудан бас тартуға құқылы (негізделген бас тарту) – егер құжаттар дұрыс емес немесе міндетті екпелер толық болмаса.
12. Балабақша ата-анаға шартты қайта қарау үшін жіберуге құқылы.

