Жаңалықтар

Құрметті қала тұрғындары!

Ауа температурасының -25, -26 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Астана қаласы ТЖ департаменті сіздерге қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау – өте маңызды!

Өрттің алдын алу және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында келесі ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз:

- Пештердің, газ және электр жылытқыштарының жарамдылығын тексеріңіз;

- Тек зауытта жасалған, жарамды және сертификатталған құрылғыларды пайдаланыңыз;

- Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз, қосулы құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз;

- Жанғыш материалдардан қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз;

- Өздігінен жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды қолданбаңыз;

- Мұржалардың дұрыстығын тексеріп, қажет болған жағдайда тазалаңыз.

Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді:

Жылытқыш құрылғыларды дұрыс пайдалану — сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі!

Өз өміріңізге бей-жай қарамаңыз — қауіпсіздікті сақтаңыз!

         

               

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!