“Озат” мектепалды тобында
Спорттық сайыста балалар белсенділік танытып, түрлі қимылды ойындар мен эстафеталық жарыстарға қатысты. Тәрбиеленушілердің шапшаңдығы, ептілігі мен ұйымшылдығы сынға түсті. Сайыс барысында балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, достық пен татулықтың үлгісін көрсетті.
Шараның мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру және мерекелік көңіл күй сыйлау болды. Сайыс соңында барлық қатысушыларға мадақтау сөздері айтылып, көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.
Тәрбиеші: Рахимбаева С.
Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Исмагулов Д.А.

