Жаңалықтар

“Мамандықтар марафоны”

«Ғибрат» ересек тобында “Мамандықтар марафоны” тақырыбында балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында балалар тәрбиешінің, аспаздың, медицина қызметкерінің және шаруашылық қызметкерлерінің атқаратын жұмыстары туралы мағлұмат алды.

Мамандар өз қызметінің маңыздылығын түсіндіріп, күнделікті атқаратын жұмыстары жайлы айтып берді. Балалар үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.

Экскурсия балалардың еңбекке деген құрметін арттырып, болашақ мамандық таңдауға алғашқы түсінік қалыптастырды.

 

     

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!