Астана қаласының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №58 «Өркен» балабақшасына жоспарлы түрде әдістемелік көмек көрсету мақсатында жұмыс сапары ұйымдастырылды. Кездесу барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымында оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру, заманауи педагогикалық тәсілдерді қолдану, құжаттамаларды сауатты жүргізу мәселелері қарастырылды.
Педагогтерге әдістемелік ұсынымдар беріліп, тәжірибе алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Бұл іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және білім беру үдерісін жетілдіруге ықпал етті.

