«Өркен» балабақшасында Сарыарқа ауданы бойынша қазақ тілі педагогтерінің ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті мен шеберлік сыныбы өтті. Балабақша педагогтері Идрейисова Н.О.; Қонысбаева С.Қ. өз іс - тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдіс-тәсілдер арқылы тіл дамыту жұмыстарының тиімді жолдарын көрсетті. Іс-шара барысында педагогтер тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін арттырды.
Іс - шараның мақсаты:
Қазақ тілі педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, іс - тәжірибе алмасу арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерін насихаттау.
Міндеттері:
Қазақ тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде көрсету;
Педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
Өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби ынтымақтастықты нығайту;
Балалардың тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін ұсыну.

