“Ұлағат” мектепалды тобында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға ғарышкерлер және Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсінік берілді. Балалар қызығушылықпен тыңдап, түрлі тапсырмаларды белсенді орындады. Іс-шара олардың білімін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Сонымен қатар, балалар ғарыш тақырыбында сурет салып, зымыран бейнесін құрастырып, танымдық ойындарға қатысты. Олар өз ойларын еркін жеткізіп, ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын көрсетті.
Іс-шара барысында балалар ұйымшылдық танытып, белсенділік көрсетті.

