Жаңалықтар

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Отбасылық” челленджі

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Отбасылық” челленджі балабақша тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналарының арасындағы ынтымақтастықты нығайту, отбасы мен балабақша арасындағы байланыс пен түсіністікті арттыру мақсатында өткізілді. Бұл челленджде ата-аналар мен балалары бірге түрлі шығармашылық, спорттық және интеллектуалдық тапсырмаларды орындап, өздерінің мүмкіндіктерін көрсетті. Әрбір қатысушы отбасы өздерінің ең үздік нәтижелерін көрсете отырып, балалардың бойында жауапкершілік, бірлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға өз үлестерін қосты.

“Отбасылық” челленджінің қорытындысы бойынша, БАС ЖҮЛДЕ иегерлері “Тұлға” және “Ұлағат” топтарының ата-аналары отбасы ерекше атап өтіліп, олардың үлгілі жетістіктері мен тәрбие жұмысына қосқан зор үлесі үшін арнайы марапатталды. Сонымен қатар І, ІІ, ІІІ орын иегерлері де анықталып мадақтамамен және сыйлықтар табысталды. Бұл марапат отбасының ынтымақтастығы мен балабақша тәрбиешілерімен бірге атқарған жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Балабақша мен отбасы арасындағы мұндай ынтымақтастық келешекте де жалғасын табады деген сенімдеміз.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!