Жаңалықтар

"Озат" тобының балалары "Таза Қазақстан" жобасы аясында

Қазақстанда экологиялық тәрбиені қалыптастыру қазіргі уақытта аса маңызды мәселе болып отыр. Ел болашағы болып табылатын балаларды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға үйрету арқылы қоғамның экологиялық мәдениетін көтеру қажет. Осы тұрғыда "Озат" тобының балалары "Таза Қазақстан" жобасы аясында өткізген іс-шара олардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін арттыруға бағытталған маңызды бастама болды.

"Таза Қазақстан" жобасының басты мақсаты – балаларды табиғатты қорғау, экологиялық мәселелерге бей-жай қарамау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Бұл жоба аясында балалар табиғатқа қалай қамқор болу керек екендігін түсініп, оны қорғау үшін өздерінен не істеу керектігін үйренеді. Балалармен бірлескен іс-шара барысында топ ішінде тазалық жұмыстарын жүргізу, қоқыстарды сұрыптап тастау, түрлі ойындар арқылы экологиялық білімдер алу ұйымдастырылды. "Озат" тобының балалары үшін ұйымдастырылған іс-шарада балалар өздері үшін маңызды ақпаратты қызықты әрі ойын түрінде қабылдады. Тәрбиешілер мен балалар бірге топ ішіндегі тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын көрсеткені сөзсіз. Әрбір бала экологияны сақтау мәселесіне белсенді түрде қатысып, оның маңызын түсінді. Бұл шара балалардың экологиялық жауапкершілігін, ұйымшылдықтарын және бір-біріне көмек көрсету дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Тәрбиеші: Молдаханова Н.Б.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!