Жаңалықтар

Аттестаттаудан өтетін педагогтерге арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды

Өркен балабақшасында 2024-2025 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтерге арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – педагогтердің аттестаттау процесі туралы түсініктерін тереңдетіп, аттестаттаудан өтудің барлық кезеңдерін тиімді әрі дұрыс орындауға көмектесу.

Балабақша меңгерушісі, мұғалімдер мен тәрбиешілерге арналған арнайы жиында 83 бұйрыққа енгізілген өзгерістер туралы толығымен баяндап өтті. Меңгеруші аттестаттау талаптарының жетілдірілгенін және педагогикалық қызметтің сапасын арттыру мақсатында жаңа әдіс-тәсілдер мен бағалау критерийлерінің енгізілгенін атап өтті.

Түсіндірме жұмыстары барысында педагогтер өздерінің кәсіби дамуы мен біліктіліктерін арттыру үшін қандай қадамдар жасауы керектігі жөнінде ақпарат алды. Сонымен қатар, аттестаттау кезінде өздерінің жұмыс нәтижелерін дәлелдеу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен қорытынды құжаттарды рәсімдеу тәртібі де түсіндірілді.

Бұл шара педагогтердің кәсіби деңгейін жоғарылату, сондай-ақ аттестаттау кезеңінде туындауы мүмкін сұрақтарға нақты жауап беру үшін ұйымдастырылды.

  • 01
  • 02
  • 03

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!