Дарынды және талантты балалардың өнері қашанда ерекше шабыттандырады. «Идеялар марафоны» республикалық және аймақтық байқауының жеңімпаздары Астана қаласы №58 “Өркен” балабақшасының ұлағат тобында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің жетістіктері сүйсінерлік.Балалар Балапан телеарнасында тікелей эфирде қоңыраулар және ксилофон аспабымен оркестр құрамында өнер көрсетіп, өз таланттарын паш етті.
Бұл тамаша жетістіктердің артында талантты педагогтардың еңбегі жатыр.
Музыка жетекшісі Аманжолұлы Нағашбай тәрбиеші педагог Шынарай Ерденқызының бала жүрегіне өнерге деген сүйіспеншілік дарытудағы рөлі ерекше.
Осындай шебер педагогтардың арқасында Ұлағат тобының тәрбиеленушілері өнер әлемінде жаңа белестерге жетіп, дарындылықтарын одан әрі дамыта беретініне сенеміз!