Жаңа өмірге қадам басып, білім алу жолында алғашқы маңызды кезеңді балабақша мен мектеп арасындағы байланыс қалыптастырады. Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерімен өткен семинарда «Мектепке бейімделудің маңызы» тақырыбына ерекше назар аударылды.
Бұл семинардың негізгі мақсаты — балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайтып, балаларды мектепке дайындау жолында педагогтардың бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Семинар барысында балабақша меңгерушісі Г.Б. Бакиржановна балабақша мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мәселелері жайлы сөз қозғады. Әсіресе, балалардың мектепке бейімделу процесінде кездесетін қиындықтар мен оларды жеңу жолдары қарастырылатындығын айтты. Сондай-ақ балабақша мен мектептің бірлескен әрекеттері арқылы балалардың интеллектуалды және эмоциялық дамуына көмек көрсету қажеттілігі айтылды.
Бастауыш сынып мұғалімдері де өз ойларын ортаға салып, осындай іс шаралар өткізу арқылы мұғалімдер мен тәрбиешілердің бірлесіп жасаған жұмысы балаларға сенім мен қолдау береді, бұл олардың мектепке бейімделуіне оң әсер ететіндігіне тоқталды.
Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық балалардың мектепке толық дайын болуына жағдай жасайды. Бұл процесс мектепке алғашқы қадамды аттаған әрбір баланың өміріндегі маңызды кезең болып табылады.