Жаңалықтар

Әлем халықтарының ойындары

2025 жылдың 29 қаңтарында балабақшамызда мектепалды топтары арасында «Әлем халықтарының ойындары» тақырыбында қызықты іс-шара өткізілді. Іс-шараны мектепалды тобының тәрбиешісі А.Қ. Бердиеваның ұйымдастыруымен өткізілді.

Бұл шараның мақсаты балаларға әр түрлі елдердің ұлттық ойындары мен мәдениетінің ерекшеліктерін таныстыру, сонымен қатар олардың бойында достық пен бірлік сезімдерін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында әр мектепалды топтың тәрбиеленушілері әлемнің әр түрлі елдерінен келген ұлттық ойындарды ойнады. Балалар қазақтың «Теңге алу», «Қыз қуу» ойынын ойнаса, орыс халқының «Гуси лебеди» ойыны, неміс халқының «Кім жылдам», татар халқының ойыны «Кім жылдамырақ?», Грузин халқының ойыны «орамал тастамақ» және тағы басқа ойындарды қызығушылықпен ойнады.

Ойындар балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, жылдамдық пен ептілікті арттыратын түрлі тапсырмаларға толы болды. Іс-шараның басты мақсаты — балаларға әр елдің ойындарымен таныстыру, олардың әр түрлі мәдениеттерді түсініп, құрметтеуін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, ұлттық ойындар арқылы балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту, топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру да назарға алынды. Балалар өздерінің алған әсерлерін қуанышпен бөлісіп, әртүрлі елдердің ойындарын ойнау арқылы көп жаңалықтар үйренді.

Бұл іс-шара балалар үшін ұмытылмас тәжірибе мен жаңа білім көзі болды, әрі мектепалды топтарында әр түрлі халықтардың мәдениетіне деген қызығушылықты арттырды.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!