Жаңалықтар

Балабақшада денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану тақырыбы

2025 жылдың 29 қаңтарында балабақшада денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану тақырыбында #3 педкеңес өтті.

Педкеңес барысында балабақша меңгерушісі Г.Б. Мырзагулова алғы сөз айтып, денсаулық сақтау технологияларын білім беру саласында тиімді қолданудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда балабақшада тек білім беру ғана емес, балалардың денсаулығын нығайту және психоэмоционалды күйін жақсарту бағытында да жұмыстар жүргізілуі қажет.

Алғы сөзден кейін балабақша психологы С.М. Слямова денсаулық сақтау бойынша түрлі тренингтер өткізіп, баланың психологиялық денсаулығын сақтау мен оны дамыту жолдары туралы айтып өтті.

Тренингтер барысында қатысушылар балалардың эмоционалды әл-ауқатын жақсартуға арналған әртүрлі жаттығулар мен әдістерді меңгерді.

Психолог балаларды стресс пен күйзелістен қорғау, олардың өзін-өзі бағалауын арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру жолдарына баса назар аударды.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!