2025 жылдың 29 қаңтарында балабақшада денсаулық сақтау технологияларын қолдану тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Бұл шараны балабақша тәрбиешілері А.Г. Сатаева мен Ж.О. Байтореева ұйымдастырып, балабақша педагогтеріне балалардың денсаулығын нығайту үшін қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер туралы мағлұмат берді.
Шеберлік сағатында тәрбиешілер балалардың физикалық және психоэмоционалды денсаулығын жақсарту мақсатында бірнеше арнайы жаттығуларды көрсетті. Олардың арасында тыныс алу жаттығулары, ұйқыдан тұрғаннан кейінгі дене жаттығулары, аяқ массажы және көзге арналған жаттығуларға ерекше көңіл бөлінді.
Шеберлік сағаты барысында тәрбиешілер осы жаттығуларды балаларға қалай үйрету және оларды тиімді пайдалану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушылар балалардың денсаулығын сақтау мен дамыту үшін қосымша әдістерді өз тәжірибесінде қолдануға ниет білдірді.
Бұл шеберлік сағаты балабақша қызметкерлеріне балалардың денсаулығын сақтауда жаңа әдістерді қолданудың маңыздылығын тағы бір рет көрсетіп, балабақшадағы жұмыс сапасын арттыруға үлес қосты.